Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін! Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
AA+
"Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Жедел жәрдем шақыру
Біз сіздің сұрауыңызды алдық және оны жақын арада өңдейміз! Өкінішке орай, сұрауыңызды өңдеу мүмкін болмады.
Үйге дәрігер шақыру
Біз сіздің сұрауыңызды қабылдадық және жақын арада оны өңдейміз! Өкінішке орай, біз сіздің сұрауыңызды пысықтай алмадық.
Онлайн рецепт бойынша тапсырыс беру
Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін! Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
"Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы

Терапия бөлімшесінің меңгерушісі

Жоғары санаттағы дәрігер - терапевті

Жакупова Гульнар Теменовна

Терапия бөлімшесінде науқастардың толық тексерілуі мен профилактикасын жүргізу, дұрыс диагноз қою, жүрек - қан тамыр жүйесі ауруларының даму қаупі деңгейін анықтау үшін барлық жағдай жасалынған.

Біздің бөлімшеде жоғары біліктілігі бар, бүкіл әлем құрметтеп мойындаған ресейлік классикалық медицина мектебінің дәстүрін сақтай отыра, диагностика, емдеу мен науқастарды кезекті бақылауында заманауи әдістерін меңгерген медициналық персонал қызмет көрсетеді.

Бөлімше 34 төсекке есептелінген.

Терапиялық:

Кардиологиялық реабилитационды, эндокринді.

Неврологиялық

Неврологиялық реабилитационды, наркологиялық,

Науқастың қалауынша ол емді жайлылығы жоғары бөлмеде алуға мүмкіндігі бар. Мұндай бөлмеде төсек орны, тумбочка, тоңазытқыш және жеке дәретханасы бар.

Бөлімшенің орта медицина қызметкерлерімен жиынтығы – 100%, бұл науқастарға дер кезінде күтім мен жоғары мамандырылған көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Бөлімшеде 6 мед бике жұмыс істейді, олардың екеуінде жоғары   санаты бар, екеуі – І санатты, тағы екеуі – ІІ санатты.

Бөлімше орта есеппен жылына 374 адамды қабылдап емдеу жүргізеді, терапиялық профиль бойынша 262 адам жылына, және неврологиялық профиль бойынша 112 адам жылына.

374 адамның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары – 46%

Тыныс алу жүйесінің аурулары – 17%

Асқорыту жолдарының аурулары – 11%

Сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары – 10%

Эндокринді аурулар – 7%

Несеп шығару жүйесінің аурулары – 6%

Қан аурулары – 3% құрайды.

Науқастар 2 орындық бөлмелерге орналастырылады және бұл бөлмелер барлық санитарлық және гигиеналық нормаларға сәйкес келеді. Бөлімшеде емді заманауи деңгейде жүргізу үшін жаңа дәрілік заттардың толық  спектрі бар. Қазіргі заманғы дәрілік заттар (Арикстра; Тиоктацит; ИАПФ 4 ұрпағы) мен емдеудің заманауи нұсқалары (артериалды гипертензия емінде; Кардиологиялық науқастарға – тромболизистік терапия) қолданылады. Бөлімше бақылаушы - іздестіруші аппаратымен және науқастарға жоспарлы ем мен шұғыл көмек көрсетуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған.

Бөлімше мынадай заманауи аппараттарымен жабдықталған: кардиомонитор, дефибриллятор, дозатор, ЭКГ, небулайзер (әсіресе бронхиалды астманың асқынуларының жедел терапиясы үшін көрсетілген. Дәрілер дозасының тәуліктік терапиясы үшін),  қандағы қантты анықтау үшін «акку - чек» аппараты, функционалды кереуеттер бар.