Перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі
І санаттағы акушер - гинеколог дәрігері
Кан Валерий Викторович
Перзентхана блогында босану алды бөлмесі және жалпы босану залы бар. Босану алды бөлмесінде әйел босанудың бірінші кезеңін - толғақтық кезеңді өткізеді. Күшену (потужной) кезеңі басталғаннан кейін әйелді босану залына көшіреді. Егер болашақ ана сәбиін оның әкесімен немесе басқа жақын адамымен бірге босанғысы келсе, ол жеке бокста босану жайында ойлануы тиіс, өйткені жалпы босану залына бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынған. Өзінің жеке, бірнеше сағатқа болсын, кеңістігінің болуы босану кезінде аздап болса да жағдайының жақсаруына септігін тигізеді.
Бөлімше ана болудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципі бойынша жұмыс атқарады (тиімді перинаталды технологиялар және күтім).
Бұл принциптерге жүкті әйелдердің психопрофилактикалық дайындығы кіреді. Жеке босану бөлмесінің жағдайы үй жағдайына мейлінше жақын етіп жасалған. Жүкті және босанатын әйелдер үшін ыңғайлы әрі жылы жағдайлар жасалынған: медицина қызметкерлері мен жақын адамдарының эмоционалды тұрғыдан демеу беруі, босану кезінде жекелену, яғни бөлмеде тек босанатын әйелдің болуы, босанатын әйелдің еркін орналасуы. Босану кезінде медикаменттердің ең минималды қолданылуы. Кіші хирургиялық араласулар қатаң көрсетулер бойынша жүргізіледі. Босанатын әйелдің өз жақындарының біреуімен – күйеуі, анасы, жақын құрбыларымен серіктестік босанулары кеңінен қолданылады. Серіктестік босану біртіндеп кеңінен етек алуда. Жеке бөлмелердің болуы, міндетті түрде босанатын әйелдің психоэмоционалды дайындығында босану кезінде көрініс беріп, ана денсаулығы жағынан да, жаңа туылған нәресте денсаулығы жағынан да болатын асқынулар санын төмендетуге мүмкіндік береді.
Перзентхана бөлімшесінде жоғары біліктілігі бар мамандар жұмыс жасайды, бұл арнайы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бөлімшеде 4 акушер (олардың екеуі ІІ санатты) және 4 бала мед бикесі (олардың екеуі ІІ санатты) жұмыс істейді. Медициналық персонал толықтай аналық қауіпсіздік принципі бойынша оқытылған. Перзентхана бөлімшесі орта есеппен жылына 320 әйелді қабылдап ем жүргізеді. Бөлімше заманауи аппараттармен жабдықталған, бұл аналардың да, баланың да денсаулығы мен емдеуін бақылауға мүмкіндік береді.
Нәрестелерге ӨЖЖ (өкпенің жасанды желдетілуі), нәрестелерге арналған қарқынды емдеу инкубаторы, дозатор, балаларға арналған кардиомониторы, КТГ аппараты, электросорғышы, жылытқышы бар нәрестелерге арналған реанимациялық үстел бар.
Бөлімшеде ана мен балаға, жүкті әйелдер патологиясына арналған төсек орын қарастырылған. Науқастың қалауынша ол жайлылығы жоғары бөлмеде емін алуына мүмкіндігі бар. Мұнда жататын төсегі, тумбочка, тоңазытқыш және жеке дәретханасы бар.
Дәрігерлер көрсеткіштер бойынша жоспарлы шұғыл операциялар түрлерін атқара алады, олар: іштен жарып баланы алу, жатырды ампутациялау, хирургиялық стерилизация.