Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін! Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
AA+
"Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы
Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін! Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
"Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы

Бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 146 үйде орналасқан Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

1. Конкурсты өткізу орны және байланыс ақпараты

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 146.

Анықтама үшін телефондар: 8 (71632) 2-10-07, +7 707 912 06 09

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кәсіпорынның Адами ресурстарды басқару қызметі.

2. Құжаттарды қабылдау мерзімі

Құжаттар хабарландыру БАҚ-та және Кәсіпорынның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Құжаттар топтамасы 2026 жылғы 19 тамыздан 3 қыркүйекке дейін, сағат 14:00-ге дейін қоса алғанда Ақмола облысы, Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 146 мекенжайы бойынша Байқау кеңесінің хатшысына немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына ұсынылуы тиіс.

3. Конкурсты өткізу күні

Конкурс құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өткізіледі. Хабарлама қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

4. Кәсіпорынның негізгі қызметі

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Зеренді аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының негізгі қызметі ересек және балаларға білікті, мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.

5. Бас дәрігердің лауазымдық міндеттері

  • Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауап береді.
  • Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.
  • Диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
  • Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың қызметін көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан, сондай-ақ бағынысты тұлғалар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі шаралардың қабылдануына дербес жауап береді.
  • Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
  • Ұйым қызметін талдау және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
  • Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды.
  • Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
  • Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер, нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
  • Ұйым қызметінде медициналық этика мен заңдылық талаптарының, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады.
  • Жеке және заңды тұлғалармен шарттар мен мәмілелер жасайды.
  • Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
  • Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді.
  • Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдалану талаптарының орындалуын, өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.

6. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

  • «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім;
  • «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттық курстан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік;
  • немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім;
  • немесе «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
  • немесе MBA Executive немесе Full Time дәрежесі;
  • денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
  • денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

7. Білуі керек

  • Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын;
  • Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін;
  • Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін;
  • Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын;
  • Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын;
  • қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық аспектілерін;
  • денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық қызметінің негіздерін;
  • басқарудың экономикалық әдістерін және ұйым қызметін талдауды;
  • медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын;
  • денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудың үздік тәжірибелерін;
  • халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштерді;
  • отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктерін;
  • денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибені;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын;
  • төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыруды.

8. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының (бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжат;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175 бұйрығымен бекітілген денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

9. Әңгімелесу

Әңгімелесу екі кезеңнен тұрады:

  1. Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;
  2. кандидаттың құзыретін бағалау.