Емхана меңгерушісі
Учаскелік терапевт
Тулебаева Акмеир Карамендеевна
Емхана «Зеренді АОА» ШЖҚ МКК басты бөлімшесі болып табылады. Ол аурухана территориясындағы екі қабатты ғимаратта орналасқан. Емханада тәжірибелі дәрігерлік біліктілік дәрежелері мен ғылыми дәрежелері бар дәрігер - мамандар қабылдау жүргізеді: эндокринолог, хирург, терапевт, дерматовенеролог, гинеколог, окулист, лор - дәрігері, стоматолог, невропатолог, онколог және т.б.
Диагностикалық базасы заманауи құралдармен жабдықталған,
Емхана операция жасалған және аса ауыр аурулары бар тұлғалардың медициналық реабилитациясы мәселесіне үлкен көңіл бөледі. Мұндай мақсатта мықты реабилитациялық базасы ойдағыдай қызмет атқарады: күндізгі стационар, физиотерапия.
Диагностикалық зерттеулердің толық спектрі ұсынылған:
Рентгендік диагностика
Ішперде қуысы мүшелерінің, бүйрек, кіші жамбас, қалқанша без, жүрек - қантамыр жүйесі ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы
Эндоскопиялық диагностика
Функционалды диагностика (ЭКГ, ЭХО-КГ, ЭЭГ)
Лабораторлы диагностика
Медициналық тексерулер жүргізіледі:
Санитарлы кітапша дайындаумен көлік жүргізушілеріне, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлеріне, сауда, жолсеріктеріне, қару - жарақ ұстап жүруіне рұқсат берумен әскери күзет қызметкерлеріне, шетелге жол жүретіндерге, спортпен шұғылдану үшін және сауықтыру тобындағылар үшін, оқу орындарына түсуші талапкерлер үшін.
Басқа қызмет көрсету түрлері
Күндізгі стационар
Дәрігерді үйге шақыру
Вакцинация
Санаторлы - курорттық карталарын толтыру