Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін! Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
AA+
"Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы
Дәрігердің қабылдауына жазылу
Жедел жәрдем шақыру
Үйге дәрігер шақыру
Онлайн рецепт бойынша тапсырыс беру

Кіру немесе тіркелу

Наурыз амандық, қуаныш, жақсылық әкелсін! Көктем жылуы мен өмір қуанышын тілеймін! Мықты денсаулық пен ұзақ өмір, құшақ толған гүл мен ықылас тілейміз!
"Зеренді аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы

Балалар бөлімшесінің меңгерушісі

І санаттағы дәрігер педиатр

Разина Нелли Станиславовна

Балалар бөлімшесінің бөлмелері емдеу корпусының 2 қабатында орналасқан. Барлық бөлмелері екі орындық және барлық жағдайлары жасалынған, емдеу кабинеті, физиокабинеті, массаж кабинеті, электрокардиография жасауға арналған функционалды диагностика кабинеті. Сонымен қатар шала туған балаларды күту бөлмесі бар. Балалар бөлімшесінде емделіп жатқан балалар  толықтай дәрігердің бақылауында болады.

Бөлімшенің орта медицина қызметкерлерімен жиынтығы – 100%, бұл науқастарға дер кезінде күтім мен жоғары мамандырылған көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. 

Бөлімшеде науқастарға біліктілігі бар 5 мед.бике қызмет көрсетеді, олардың төртеуі жоғары санатты. Медициналық персонал толықтай балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізуге үйретілген. Балалар бөлімшесі орта есеппен жылына 420 баланы қабылдап емдеу жүргізеді.

Олардың ішінде тыныс алу жүйесі аурулары – 78%, несеп шығару аурулары – 2,8%, қан тамыр жүйесі аурулары – 1%, қан аурулары – 3,3%, неонаталды патологиясы бар ерте жастағы балалар – 2,5%, жүйке жүйесінің аурулары - 8%, басқа аурулар – 4,4% құрайды.

Бөлімшеде тәулік бойына арналған, күндізгі стационарлық орындар бар, жайлылық деңгейі жоғары әрі бірігіп жатуға арналған бөлмелер қарастырылған.