Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру  орталығы 2018 жылдың 27 сәуірінде  сағат 15:00 Береке сауда орталығында Зеренді ауданының тұрғындары арасында жарақаттануды болдырмау бойынша «Қауіпсіз өмір!» кең ауқымды акция ұйымдастырады.

Акция кезінде Сіз қан қысымын өлшеп, қан глюкозасын, холестеринді, антропометриялық деректерді анықтай аласыз.

Ауданның барлық тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақырамыз.