home

 

Құрметті емделушілер!

Сіз өз денсаулығыңыз жайлы ойландыңыз – бұл Сіздер жасаған ең алғашқы дұрыс қадам. Екіншіден – Сіз өзіңізге көмек ретінде біздің серіктестікті таңдадыңыз. Бұл да дұрыс қадам: денсаулыққа бастар жолда біз Сіздің серіктесіңіз әрі одақтасыңыз боламыз! 

Сіз біздің аурухананы таңдай отырып,  маған – бас дәрігерге, біздің мамандардың Сіздің  және Сіздің жақындарыңыздың денсаулығын күту бойынша бақылауды сеніп тапсырдыңыз.

Маған Сіздердің сенімдеріңіз қымбат және оны ақтау үшін барлық мүмкіндікті жасаймын.

Сіз біздің ауруханаға қаралған кезде мыналарға сенімді бола аласыз: Сізде жоқ аурулар табылмайды және қажет емес анализдер тағайындалмайды, емдеу әдісі Сіздің ауруыңызға сәйкесінше таңдалады.

Біздер серіктес әрі одақтаспыз – бұл Сіздің де белсенді екеніңізді білдіреді. «Жақсы дәрігер – науқастың серіктесі, ақылды науқас – дәрігердің серіктесі», - Николо Маккиавелидің осы нақыл сөзі ескірмейді. Сіз белсенділік көрсетсеңіз мен оны өз денсаулығызға зейін салғаныңыз, дәрігерге уақытында қаралуыңыз және сіздің онымен қарым-қатынастарыңызға жақсы деген баға бергеніңіз  деп білемін.

Медицина атасы Гиппократ өз науқастарына былай айтқан: «Біз үшеуміз – мен, сен және сенің ауруың. Егер біз екеуіміз сенің ауруыңа қарсы одақтассақ, біз оны жеңеміз. Егер сен өз ауруыңмен одақтас болсаң, мен жеңілемін». Гиппократ осылай айтты ма жоқ па – маңызды емес, маңыздысы, пациент дәрігердің жақтасы болып оған әрдайым көмек көрсетіп қана қоймай, өз ауруына қарсы тұруда негізгі элемент болуы керек.

Біздің аурухананың медицина қызметкерлері – көп тәжірибе жинақтаған және жоғары біліктілігі бар мамандар.
Біздің аурухана қарқынды түрде дамуда: ұсынылатын медициналық қызмет көрсету түрлерін кеңейтіп сапасын көтеруде, өзінің медицина кадрларын оқыту мен олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс атқарады, әрдайым заманауи диагностикалық және емдік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Егер де персоналдың тырысуына қарамастан, Сізде проблемалар болып жатса, және қажетті көлемде қарап медициналық көмек көрсетілмей жатыр деп шешсеңіз, Сізде аурухананың бас дәрігеріне жолығу мүмкіндігі бар. Сенімді болыңыз: сіздің проблемаңыз шешілмей қалмайды!

Білікті медициналық көмектен басқа біз өз Емделушілерімізге оны алуға жақсы жағдайдың барлығын ұсына аламыз:  тәуліктің кез келген уақытында жедел медициналық көмек қызметіне хабарласып, тәуліктің кез келген уақытында дәрігерді үйіңізге шақырта аласыз.

Сізде ескертулер мен ұсыныстар пайда болды ма? Өте жақсы! Ұсыныстарыңызды айтыңыз! Біздер – одақтаспыз.
Сіздер – біздің аурухананың емделушілерісіздер. Қош келдіңіздер!

Құрметпен 
«Зеренді АОА» ШЖҚ МКК бас дәрігері
Бануржан Баянұлы Жанғалов

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз