ҚТБ

Қарқынды Терапия Бөлімшесінің меңгерушісі Котиков Евгений Петрович 
Балалар хирургі, анестезиолог және реаниматолог
Котиков Евгений Петрович
 
 

Қарқынды Терапия Бөлімшесі – өміріне қаупі бар, жедел жағдайдағы науқастарды емдеуге арналған арнайы мамандырылған ауруханалық бөлме. Мұнда қарқынды күтім мен дәрілер қабылдауы  мұқият ойластырыла отырып, науқас жағдайы мен өмірін сақтап қалуына қолдау көрсетілуіне үздіксіз (электронды) бақылау жүргізіледі. Аса ауыр және жағдайында үміт етуге болатын жарақаттанған науқастарға қысқа мерзімді күтім жүргізуге арналған.

Бөлімшеде 4 қарапайым орын, 2 функционалды орындар бар. Науқастарға бір мед.бике мен ІІ санаттағы 4 анестезист мед.бикелері күтім жасайды. Қарқынды терапия бөлмесіне науқастар реанимация мен қарқынды терапия блогынан келіп түседі. Көбіне бұл миокард инфарктісі мен жүректің басқа да ауруларынан болған жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінің көріністері  бар науқастар. (бұдан басқа  диабет, бауыр мен бүйрек аурулары және т.с.с. аурулар   себептерінен болған комалық жағдайға түскен науқастар).

 

 

Жоғары технологиялық заманауи құрал-жабдықтар мен бөлме жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейде болуы толық көлемде аранайы мамандандырылған анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуге, қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді.