Хирургия бөлімшесі

Хирургия бөлімшесінің меңгерушісі 
Балалар хирург-дәрігері 
Тасимов Марат Жагипарович
 
 
 

Хирургия бөлімшесінде Сіз асқазан безінің аурулары, өт қабы мен өт жолының аурулары, асқазанның жарасы мен он екі елі ішектің аурулары, асқазан және ішек ісіктері, артериялар аурулары мен аяқ көк тамырларының варикозды кеңеюі, буын ауруларына байланысты жоғары кәсіби мамандарың көмегіне жүгіне аласыз.

Бөлімше хирургтері емнің заманауи әдістерін меңгерген. Мұнда ішперде қуысы мүшелеріне жасалатын бірқатар эндохирургиялық операциялар орындалады. Мысалы, шап жарығы, жедел аппендицит, операция Western union online кезінде өт жолдарын зерттеуін жүргізе отырып өт қабының жедел және созылмалы қабынулары, жабыспалы ішек өтпейтіндігі жөніндегі операциялар. Операция түрлері: варикацель, жарық (грыжа), сүйек синтезі, сіңірлерге тігіс салу, қатерсіз жаңа түзілістерді жою, алуан түрлі ішек резекциясы.

 

 

Науқастарға дер кезінде күтім мен жоғары мамандырылған көмек көрсетуді бөлімшенің Орта Медицина қызметкерлерінің 100% жиынтығы қамтамасыз етеді.

Бөлімшеде 8 мед.бике жұмыс істейді (олардың 3 І санатты).

Травматологиялық профильдегі реабилитациялық науқастар жалпы бекітетін, буындарды өңдеу, физиоем, массаж алады.

Хирургия бөлімшесі жылына орта есеппен 550 адамды қабылдап оларды емдеп шығарады.

Бөлімшедегі орындар:
Тәуліктік, күндізгі, жалпы-хирургиялық, травматологиялық, реабилитацияға арналған орындар бар. 

Науқастың қалауымен ол емді жайлылығы жоғары бөлмеде алуына мүмкіндігі бар. Мұндай бөлмеде төсек орын, тумбочка, тоңазытқыш және жеке дәретханасы бар.